Торда тулап теңбіл доп…  

Аягөз қаласындағы байырғы теміржол мектебі саналатын №58 мектептің кең спорт залында өңір теміржолшылары арасында алғаш рет спорттың волейбол түрінен сайыс өтті.

Бүгінде Аягөз өңірі бойынша жалпы саны 2300 теміржолшы бар екен. Олардың

басым көпшілігін жастар құрайды. Кең көлемде тұңғыш рет ұйымдастырылған шараға теміржолға қарасты барлық мекемеден спортшылар қатысты.

Аягөз станциясы басшысының кубогына арналған айтулы шараға осылайша іріктелген 8 команда қатысып, өзара шеберлік сынасты. Тігілген жүлде қоры да қомақты болатын. Сондықтан да болар, сайыс барысы мейлінше тартысты әрі шиеленісті өрбіді. Теңбіл топты қақпақылдап торда тулатқан талай мықты қарсыласынан жеңіліс тауып жатса, керісінше бұрын елеусіз болып келген жаңа ойыншылар есімі жарыққа шықты. Осылайша түпкі ойын нәтижесі де белгілі болып қалды. Аягөздік теміржол мекемелері арасында топ жарып бірінші орын алған локомтившілер, ТЧЭ-25 мекемесі болса, жүлделі екінші орынды «Қамқор-локомотив» Аягөз филиалы ойыншылары жеңіп алды. Ал, «Теміржолсу-Аягөз» ЖШС филиалының волейболшылары үшінші орынды місе тұтты. 

– Аталмыш шараны тұңғыш рет ұйымдастырып отырмыз. Басты мақсат – жастар арасындағы спортқа құштарлықты оятып, салауатты өмір салтын қалыптастыру, – дейді жаңашыл бастама авторы Аягөз станциясының бастығы Қуаныш Әміренов.

Барлық жеңімпаз командалар бағалы сыйлықтар мен Құрмет грамоталарымен марапатталды. Аталмыш сайысты жыл сайын өткізу жоспарлануда.

Қуаныш Қожаев, Семей

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Показать кнопки
Скрыть кнопки